Бокс

Головкин P4P рейтингіндегі 7-орнын сақтап қалды

Головкин P4P рейтингіндегі 7-орнын сақтап қалды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) ESPN телеарнасы жасаған боксшылар рейтингінде жоғарғы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Он үш сарапшының дауыс беру нәтижесінде Головкин жетінші орында тұр. Үш дауыс беруші Головкинді 4-орынға «жайғастырған», қазақстандық боксшы алтыншы және жетінші орындарды төрт рет алса, бір мәрте сегізінші және тоғызыншы орыннан көрінді. Бір сарапшы оны TOP-10-ға да қоспаған.

ESPN ұсынған үздік P4P боксшыларының ондығы төмендегідей:

  1. Василий Ломаченко (жеңіл салмақта)
  2. Теренс Кроуфорд (жартылай орташа салмақта)
  3. Сауль Альварес (орташа салмақта)
  4. Наоя Иноуэ (жеңіл салмақта)
  5. Эррол Спенс (жартылай орташа салмақта)
  6. Александр Усик (бірінші ауыр салмақта)
  7. Геннадий Головкин (орташа салмақта)
  8. Хуан Франсиско Эстрада (екінші жеңіл салмақта)
  9. Мэнни Пакьяо (жартылай орташа салмақта)
  10. Майки Гарсия (жеңіл салмақта).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер