Бокс

Қыркүйек айында жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшылар

Қыркүйек айында жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшылар
news-banner7
mobile-news-top

Жанкүйерлерді қыркүйек айында отандық боксшылардың қатысуымен өтетін бірқатар бокс кеші күтіп тұр, деп жазады Prosports.kz.

Осы демалыста, 7 қыркүйек күні Екатеринбургте өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (8-0, 3КО) шаршы алаңға шығады. Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз жергілікті боксшы Владислав Красношеинмен (7-0-1, 2КО) 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Келесі апта, 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3KO) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Решард Хикс (12-0-1, 6КО). Жекпе-жек орта салмақ санатында өтеді.

Елеусіновтен бір күннен кейін Лас-Вегаста Ескендір Харсан (6-0, 5КO) рингке оралады. Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.

26 қыркүйекте Канаданың Монреал қаласында үш қазақстандық боксшының қатысуымен үлкен бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Батыр Жүкембаев (16-0, 13КО) өнер көрсетеді. Ол мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15КО) жұдырықтасады.

Сондай-ақ, осы кеште Нұрзат Сабиров (10-0, 9КО) та бақ сынайды. Оның қарсыласы тағы бір мексикалық Бруно Сандоваль (20-3-1, 16КO) болады.

Ал Аман Қазанғапов (0-0-1) мексикалық Хесус Ариагамен (2-1, 1КО) кездеседі. Орта салмақта өтетін жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған.

Ауыр салмақта өнер көрсететін Али Балоев (9-0, 7КО) пен Еділ Қожамбердиев (8-2, 8КО) титулдық жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр. Олар 29 қыркүйекте Ақтөбеде шаршы алаңға шығады. Қарсыластары жақында анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер