Қазақстан чемпионатына ресейлік команда қосылуы мүмкін

Қазақстан чемпионатына ресейлік команда қосылуы мүмкін

Жоғары хоккей лигасында өнер көрсететін «Оренбург» командасы алдағы уақытта Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін.

Әзірге нақты ештеңе белгісіз. Ресейлік команда Қазақстанда ойнауды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Шайба.kz порталы.

Бұған дейін Қазақстан біріншілігіне Ресейдің «Шахтёр» командасы ауысқысы келген болатын. Алайда клуб чемпионаттың барлық регламентін орындауға дайын болмай шықты.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа маусымнан бастап Қазақстанның чемпионатына өзбекстандық «Хумо» командасының фарм-клубы өнер көрсететін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или