Олимпиаданың күміс жүлдегері: Бокста кез келген қарсылас тосынсый дайындап отыруы мүмкін
2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит бокстан 9 қыркүйек күні басталатын әлем чемпионаты туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
"Менің мақсатым - жеңу, жеңу және жеңу. Металл неғұрлым құнды болса, соғұрлым өнер жақсы жұдырықтасуға тырысасың. Жүлдеге іліну қажет. Қазіргі бабым туралы айтар болсам, «арық айтып, семіз шығуды» қалаймын. Өзіне толығымен көңілі толатындардың қатарынан емеспін. Кез келген жағдайда белгілі бір кемшіліктер болады.
Ең бастысы оларды елемей қоюға болмайды, кемшіліктерді іздеп табу және онымен күресу керек. Қазір біз белгілі бір сәттерді пысықтап, бапкерлермен ақылдасып жүрміз. Не болып жатқанын айта беруге де болмайды. Менің ойымша, біздің мақсатымызға жетуге тиіспіз. Бәсекелестікке қатысты айтатыным, барлық қарсыласқа бірдей қарау керек.Себебі әр боксшының тосынсый дайындап отыруы ғажап емес», - деп мәлімдеді Левит.