Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында кімдерден қауіптену керектігін айтты
<span>Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, Азия чемпионатының жүлдегері әрі Президент кубогының жеңімпазы Абылайхан Жүсіпов алдағы әлем чемпионаты қарсаңында өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>«Әлем біріншілігіне дайындық деңгейі жоғары. Жаттығу жиынының бірінші кезеңін тауда өткіздік. Тауда күш жинауға арналған жаттығуларға баса назар аударылды. АІВА базасында жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөлдік. Бүгінде елордамызда жаттығу жиынының екінші кезеңі өтіп жатыр. Барлық спортшылар бабында. Көңіл-күйіміз де тамаша. Ресей шаршы алаңынан жақсы нәтижемен ораламыз деген ойдамыз. Менің мақсатым – жеңіс тұғырынан көріну. Қарсыластарымның қарқыны жақсы. Ресей, Куба, Өзбекстан мен Англия спортшыларынан қауіптену керек», - дейді Абылайхан. </span>
<span>Бокстан әлем чемпионаты 8 қыркүйек күні Ресейдің Екатеринбург қаласында басталады. </span>