Камбэкті құртқан Кулибали кешірім сұрады

Камбэкті құртқан Кулибали кешірім сұрады

Италия чемпионатының 2-туры аясында «Ювентусқа» қарсы матчта автогол соғып алған «Наполи» қорғаушысы Калиду Кулибали жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Бұл автогол жаныма ауыр батты, өйткені ол біздің камбэктен кейін соғылды. Бәріңізден кешірім сұраймын. Біз мықты екенімізді әлі де дәлелдейміз , — деді қорғаушы өзінің Twitter-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, «Ювентус» соққан үш голдың артынан камбэк жасай білген «Наполи» 92-минутта өз қақпасына допты кіргізіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или