«Ювентус» директоры: Дибала биыл кетпейді

«Ювентус» директоры: Дибала биыл кетпейді

Туриндік «Ювентус» ойыншысы Пауло Дибала аталмыш клубта қала береді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Біз Дибаланың осы жылы клубтан кететінін жоққа шығарамыз. «Ювентус» А сериясында көш бастап келеді, ойыншыларымыз мықты дайындық үстінде», — деді «ескі сеньорлар» командасының спорттық директоры<span> </span>Фабио Паратичи.

Ойыншыға франциялық ПСЖ және англиялық «Тоттенхэм» клубтары қызығушылық танытқан болатын.

Дибала өткен маусымда клубта 42 ойын өткізіп, 10 голдың авторы атанып, алты нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или