Әлем футболы

Дибалаға «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр

Дибалаға «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Пауло Дибала мансабын «Тоттенхэм» командасында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

Италиялық клубқа «Тоттенхэм» командасынан ұсыныс түскен. Англиялық клуб Дибала үшін 70 миллион еуро төлеуге дайын.

Айта кетейік, 25 жастағы аргентиналық футболшы «Ювентустің» сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда Дибала 42 ойын өткізіп, 10 голдың авторы атанып, алты нәтижелі пас берді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер