Испаниялық клуб қазақ футболшысын твиттерде «өзбек» деп таныстырды

Испаниялық клуб қазақ футболшысын твиттерде «өзбек» деп таныстырды

Испаниялық «Херена» клубы жақында ғана команда қатарына қосылған 27 жастағы қазақстандық футболшы Асылбек Сейітқалиевті таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алайда, испандықтар мұны ерекше жасады: «Жақында біз оны командада көре аламыз - бұл өзбек Асылбек, Литва чемпионатының 1-ші дивизионында өнер көрсеткен. Тәжірибелі, жылдам жартылай қорғаушы»

Асылбек «Атырау» футбол клубының түлегі. 2009-2014 жылдар аралығында «мұнайшылар» үшін бар болғаны 4 матч өткізген. 2015 жылы Бірінші лигада «Каспийдің» намысын қорғады. 2018 жылдан бері Литва чемпионатының екінші лигасындағы «Коралас» және «Миния» командаларында бақ сынады. 

Айта кетейік, «Херена» клубы Испан чемпионатының төртінші дивизионында өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или