Чемпиондар лигасы. Жеребе бүгін тартылады
Осы маусымдағы UEFA чемпиондар лигасы топтық кезеңінің барлық қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мұнда жылдағыдай 32 команда бір елдің клубтары бір-бірімен кездесе алмайтын шартпен сегіз топқа бөлінеді.
Жеребе кезінде командалар 4 себетке орналасады:
1 себет: «Ливерпуль» (Англия), «Челси» (Англия), «Барселона» (Испания), «Манчестер Сити» (Англия), «Ювентус» (Италия), «Бавария» (Германия), ПСЖ (Франция), «Зенит» (Ресей).
2 себет: «Реал Мадрид» (Испания), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Наполи» (Италия), «Шахтер» (Украина), «Бенфика» (Португалия), «Аякс» (Нидерланд).
3 себет: «Лион» (Франция), «Байер» (Германия), «Зальцбург» (Аустрия), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия), «Валенсия» (Испания), «Интер» (Италия), «Динамо Загреб» (Хорватия).
4 себет: «Локомотив» (Ресей), «Генк» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия), РБ «Лейпциг» (Германия), «Аталанта» (Италия), «Славия» (Чехия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Лилль» (Франция).
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі бүгін, 29 тамыз күні Монакода Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де тартылады.