Қазақстан жасөспірімдер құрамасы - ҚР Президенті кубогының иегері
Нұр-сұлтанда футболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін өтіп жатқан турнирде Қазақстан-1 командасы Тәжікстан құрамасын 3:0 есебімен ұтып, дәстүрлі доданың үш дүркін чемпиондары атанды, деп жазады Prosports.kz.
Матч басталысымен қарсылас қақпасына лап қойған алаң иелері 7-минутта-ақ гол соғып үлгерді. Арсен Азатов айып добын тамаша орындап, гол соқты. Бірінші тайм соңына таман команда капитаны Ғалымжан Кенжебек мергендігімен танылды. Айта кетелік, Ғалымжан 2-тайм соңында тағы бір белсеніп, дубль жасады. Есеп 3:0!
Қазақстан-1 - Тәжікстан - 3:0 (2:0)
Голдар: Арсен Азатов 7, Ғалымжан Кенжебек 41, 90+1;
Қазақстан-1: Никита Пивкин, Егор Ткаченко, Александр Широбоков, Арсен Азатов, Асқар Сатышев, Данил Сомов (Дмитрий Филиппов 46), Вадим Яковлев (Диас Құшқынбаев 90+4), Абзал Қалау, Муроджан Халматов, Ғалымжан Кенжебек (к), Данил Анкудинов (Данияр Дулатов 66);
28.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі.