Бокс

Әли Ахмедов Головкин - Деревянченко кешінде жұдырықтасады

Әли Ахмедов Головкин - Деревянченко кешінде жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин – Сергей Деревянченко жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы боксшының өзі Instagram жазды:

- Танымал Madison Square Garden-нің шаршы алаңына оралатыныма және Геннадий Головкиннің бокс кешіне қатысатыныма қуаныштымын. 5 қазан күні Нью-Йорк қаласында жолығамыз!, - деп жазды Ахмедов.

Әли Ахмедов мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 8 маусым күні өткен соңғы кездесуінде америкалық Маркус МакДэниэлді жеңіп, екінші орта салмақта WBC International Silver белбеуін иемденген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер