ПСЖ Неймар үшін 100 млн евро, Дембеле және Семедуді сұрап отыр

ПСЖ Неймар үшін 100 млн евро, Дембеле және Семедуді сұрап отыр

«Барселона» келесі аптада ПСЖ-ның шабуылшысы Неймардың трансфері бойынша келісіссөзді аяқтайды. TV3 мәліметі бойынша, каталондық клубтың өкілдері қазір Париж қаласында.

Эрик Абидаль бастаған бір топ «Барселонаның» өкілдері Неймардың трансфері бойынша келіссөздің қорытынды кезеңіне келді. Бұған дейін «Барселонаның» бразилиялық футболшыны 170 миллион еуроға жалға алып, келесі жылы Усман Дембелені ПСЖ-ға тегін жіберу туралы ұсынысы франциялық команданың көңілінен шықпаған. ПСЖ келіссөзге Нелсон Семеду мен 100 млн еуро көлеміндегі бір жолғы қаражатты қосуды талап еткен.

Өткен аптада «Барселона» Неймардың аты жазылған жейделерге тапсырыс беріп қойған. Неймар «Барселонада» жалда ойнайды деп күтілуде.

Бұған дейін «Пари Сен-Жермен» шабуылшысын ешқайда жібермейтінін мәлімдеген болатын. Алайда Неймардың өзі командада қалғысы келмейтінін бірнеше мәрте айтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или