35 жастағы қорғаушы «Астана» футбол клубымен келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартты. Антонио елорда командасы сапына 2018 жылғы маусымның ортасында қосылып, осы уақыт аралығында 45 ойын өткізіп, 3 нәтижелі пас берген.
Ал Томасов еңбек келісімшартын 2022 жылға дейін ұзартты. Ол «Астана» сапында 2017 жылдан бастап өнер көрсетуде. Марин елорда командасы сапында өткізген 96 ойында 40 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген.