Зидан «Вальядолидпен» өткен ойын туралы пікір білдірді
Испания Примерасының екінші турында Мадридтің «Реалы» өз алаңында «Вальядолидпен» ұпай бөліскен (1:1) еді. Команданың бас бапкері Зинедин Зидан осы ойын туралы пікір білдірді деп жазады Prosports.kz ЕSPN-нің Туиттердегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
— Біз көп жұмыс атқардық осы матчта және екінші таймда гол да соқтық. Ойын соңына бірнеше минут қалғанда қарсылас есепті теңестіріп кетті, миға сыймайтыны осы болып тұр. Негізі, біз жеңіске лайықты едік. Мен бәріне 90 минут бойы беріліп ойнаңдар деймін. Бірінші таймдағыдай ойнасақ, нәтиже сөзсіз келер еді, дейді Зидан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или