Бокс

Нұрсұлтанов: Ресейліктің өз жанкүйерлері алдында қашып жүргенін түсінбедім

Нұрсұлтанов: Ресейліктің өз жанкүйерлері алдында қашып жүргенін түсінбедім
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Челябинск қаласында өткен турнирде жергілікті Артур Осиповты жеңген қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов жарыстан кейін жекпе-жек жайлы өз ойымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

- Өзімді керемет сезініп тұрмын. Жақсы жекпе-жек өткіздім деп ойлаймын. Соңғы раундта қарсыласымды түсінбедім. Белсенді болып, шабуылға шығады деп ойлағанмын. Бірақ, қашқалақтап бастады. Абырой болғанда, ондай стильге қарсы дайындаған тактикам бар еді. Он раундтың сегізіне ризамын десем болады. Алғаш рет 10 раундтық жекпе-жек өткіздім. Жасырмаймын, 75-80 пайызға ғана дайын болдым. Сондықтан, алда әлі көп еңбектену керек.

Қазіргі таңда IBF нұсқасы бойынша алдыңғы ондықтамын. Жыл аяғына дейін тағы бір кездесу өткізіп, үздік үштікке енсем деген жоспарым бар - деді Нұрсұлтанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер