Футболдан Қазақстан кубогының финалы қайда өтеді
Футболдан Қазақстан кубогы финалының қашан және қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды, Prosports.kz Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚКФЛ-дің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің сұрауымен 2019 жыл маусымындағы футболдан Қазақстан кубогының финалы мемлекеттік мәдени-бұқаралық іс-шаралар тізіміне кірді.
Финалға қатысушы клубтармен келісім бойынша «Қайсар» - «Атырау» матчы 2019 жылдың 6-қазанына жоспарланған. Өткізілетін жері – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или