Бельгия ғалымдары Мессидің мықты екенін анықтап берді
Бельгияның Левен католиктік университетінің ғалымдары өздері ойлап тапқан формула арқылы әлемнің үздік футболшысын анықтап көрді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Үздік футболшы аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналдудың арасында анықталды.
VAEP формуласы 2013/14 маусымынан бері футболшылардың нәтижелі әрекеттерінен бөлек олардың соққы жасауы, алдау, допты тартып алу секілді өзге ойын қимылдарының нәтижелігіне қараған.
- Алғашқы кезде Роналду мен Мессидің көрсеткіші бірдей болатын. Алайда 2015/16 маусымында Месси бәсекелесінен әлдеқайда озып кетті, - дейді зерттеу жұмысына қатысушы аспирант.
Зерттеудің қорытындысы бойынша, Роналдудың бір ойындағы VAEP көрсеткіші 61, ал Мессидікі 1,21 тең болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или