Нұрзат Сабыровтың келесі қарсыласы - WBC «уақытша» чемпионы

Нұрзат Сабыровтың келесі қарсыласы - WBC «уақытша» чемпионы

Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров 26 қыркүйек күні Канаданың Монреаль қаласында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec порталының мәліметінше, Сабыров мексикалық Бруно Сандовалмен жұдырықтасады. 28 жастағы солтүстік америкалық спортшы екінші орта салмақтағы WBC Latino <span>«уақытша» </span>чемпионы. Бруно осыған дейін 24 кездесу өткізген (20 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең есеп).

25 жастағы Сабыров болса профи-рингте 10 мәрте жекпе-жек шықты. 9-ында қарсыластарын нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Тек бір мәрте ғана төрешілер шешімімен жеңіс тойын тойлаған.

<span>Еске сала кетейік, Нұрзат соңғы рет шаршы алаңғы осы жылдың маусым айында шыққан еді. Ол кезде қазақ боксшысы мажарстандық Ласло Тотты екінші раундтың басында нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды.</span>

<span>Сонымен қатар, осы бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) шаршы алаңға шығады. Ол бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Мигель Вазкезге қарсы айқасады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или