Бокс

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды жеңген болатын.

Аталмыш жеңістен кейін Әлімханұлы белгілі Boxrec.com сайтының рейтингісінде 64-орыннан бір саты жоғарылады.

BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингісінде барлығы 1580 боксшы көрсетілген. Бұл тізімде тағы екі боксшымыз бар. Олар - рейтингте екінші орында тұрған Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және 32-орында Қанат Ислам (26-0, 21 КО).

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы МакЛелланды бесінші раундта нокаутқа түсіріп, өзінің WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы екі чемпиондық белдігін қорғап қалды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер