Қазақстандық хоккейші қыз мансабын АҚШ-та жалғастырады
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бұлбұл Қартаңбаева мансабын АҚШ-та жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
26 жастағы хоккейші АҚШ-тың Ұлттық хоккей лигасында (NWHL) бақ сынайтын «Метрополитен Риветерс» клубы ауысты. Осылайша ол АҚШ-тың жоғары лигасында ойнайтын тұңғыш қазақстандық хоккейші атанды.
Бұған дейін Бұлбұл Қартаңбаева елордалық «Томирис» пен алматылық «Айсұлу» командаларында ойнаған. Ал өткен маусымды Канаданың Оңтүстік Альберта лигасында бақ сынайтын «Калгари Койотс» клубында өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или