«Cарыарқаға» тәжірбиелі шабуылшы қосылды
Шабуылшы Олег Яшин «Сарыарқа» құрамын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz, қарағандылық клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хоккейшімен бір жылға келісімшарт жасалды.
Өткен маусымда 28 жастағы хоккейші Череповецтің «Северсталь» сапында ойнап, КХЛ-дің тұрақты маусымының 27 матчында 4 (2 + 2) ұпай жинады. Содан кейін ол «Катовицеге» ауысып, Польша чемпионатының 17 ойынында 9 (3 + 6) ұпай еншіледі.
Бұған дейін шабуылшы <span>«Куньлунь Ред Стар», «Рубин», «Югра», «Атлант», «Локомотив», «Титан» және «Рязань секілді клубтарда бақ сынаған.</span>
Мансабында КХЛ-да ойыншы 307 матч өткізіп, 30 гол соғып, 21 пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или