БАТЭ бапкері: Қарағанды, «Астана» - бұл біздің тарихымыз

БАТЭ бапкері: Қарағанды, «Астана» - бұл біздің тарихымыз
news-banner7
mobile-news-top

Беларусиялық БАТЭ командасының бас бапкері Алексей Бага You-Tube-тағы «ЧестнОк» арнасында Еуропа Лигасындағы келесі қарсылас - «Астана» туралы пікірімен бөлісті.

- «Астана»? Мен қорқынышты ештеңе көріп тұрған жоқпын. Біз дайынбыз. Басқа елдің командаларына қалай дайындаламыз, қазақстандық командаға қарсы да дәл солай дайындаламыз.. Қарағанды, «Астана» - ащы болса да, біздің тарихымыз. Енді «Астана» - бұл жаңа тарих, жаңа кедергі. Өткенмен ешқандай ұқсастық жоқ, - деді Бага.

Мағлұмат бере кетейік, БАТЭ осыған дейін қазақстандық командалармен екі мәрте кездескен еді. 2013/2013 маусымда Чемпиондар Лигасының екінші кезеңінде сол жылы «қарт құрлықты» дүрліктірген қарағандылық «Шахтердан» екі матчта да 0:1 есебімен ұтылып қалған еді. Ал 2015/2016 маусымда Еуропа Лигасының плэй-офф кезеңінде беларусиялық ұжым «Астанаға» жол берді. «Астана Аренадағы» алғашқы матчта ол кезде Станимир Стойлов баптайтын елордалықтар 2:0 есебімен ұтып, қарымта ойын алдында жақсы басымдылыққа ие болған болатын. Сырт алаңдағы ойын 2:2 есебімен аяқталып, «Астана» топтық кезеңге жолдама алды.

Енді «Астана» мен БАТЭ Еуропа Лигасының плэй-кезеңінде тағы жолығады. Бірінші матч 22 тамыз күні Қазақстан астанасында өтеді. Екінші кездесуді бір аптадан кейін Беларусь жеріндегі Борисов қаласында орналасқан «Борисов Арена» стадионы қабылдайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер