ЕЛ. «Астана» алға аттады

ЕЛ. «Астана» алға аттады
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» УЕФА Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан чемпиондары төртінші кезеңге жолдама тағдырын Нұр-Сұлтанда өткен «Валеттаға» қарсы алғашқы матчта шешіп қойған еді. Ол ойында Роман Григорчук командасы Мальта чемпиондарын 5:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Сырт алаңдағы қарымта матчқа «Астана» бей-жай қарамады. Алғашқы минуттардан қарсыласына бас көтертпеген қазақстандық ұжым бірінші таймның аяғына дейін екі голды соғып тастады. Бұл матчта Роман Мұртазаев пен Марин Томасов кім көп гол соғады деп өзара таласқан секілді. Екі шабуылшы да әр таймда бір-бір доптан қарсылас қақпасына тоғытты.

Айта кету керек, «Астана» еурокубоктағы соңғы үш матчында 13 гол соқты. Хорватиялық шабуылшы Марин Томасов осы үш ойында 6 мәрте мергендігімен көзге түсті.

«Астана» Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өту үшін беларусиялық БАТЭ-ден екі матч қорытындысы бойынша айла асыруы тиіс.

Еуропа лигасы-2019/20. 3-іріктеу кезеңі. Қарымта матч

«Валетта» - «Астана» - 0:4(0:2)

Голдар: Роман Мұртазаев 25, 68 Марин Томасов 37, 89

«Валлетта»: Сини, Р. Камиллери (К), Пичолло, Дж. Борг, Пенья, Дж. Зераф, Дуглас Пакер, Р. Маскат, Фонтанелла, Юрий, Тулимиери.

«Астана»: Эрич(К), Рукавина, Мужиков, Ротариу, Сигурионссон, Томасов, Майевский, Шимунович, Постников, Мұртазаев, Шомко.

16 тамыз. Та Кали. Ұлттық стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер