Алматылық «Қайрат» қақпашысымен қош айтысады
Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотников маусым соңында клубтан кетеді, деп жазады Prosports.kz.
33 жастағы қақпашы 2009 жылы алматылық клубқа тиесілі болған. Одан кейін «Цеснада», «Атырау» мен «Жетісуда» доп тепті. 2015 жылы «Қайратқа» қайтып оралды.
Тәжірибелі қақпашыны «Қайрат-Жастар» командасының жас кипері Данил Устименко алмастыруы мүмкін. 19 жасар футболшы - «Қайраттың» тәрбиеленушісі және болашағынан зор үміт күттіріп отырған қақпашы. Устименко Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасында да ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или