«Салават Юлаевтың» бұрынғы шабуылшысы «Алматыға» ауысты

«Салават Юлаевтың»  бұрынғы шабуылшысы «Алматыға» ауысты

Тәжірибелі шабуылшы Александр Нестеров «Алматы» хоккей клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 33 жастағы хоккейші Көкшетаудың «Арланында» ойнап, Қазақстан чемпионатының 53 матчында 32 (14 + 18) ұпай жинады. Құрлықтық кубоктағы 6 кездесуде ол еншісіне 5 (2 + 3) ұпай жазған.

Бұған дейін Мәскеудің ЦСКА түлегі көптеген жылдар бойы КХЛ-да ойнап, <span>«Лада», «Салават Юлаев», «Автомобилист», «Адмирал», «Сибирь», «Спартак», «Авангард» және «Атлант»</span> сияқты клубтардың намысын қорғады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или