Жаңабев салмақ өлшеу рәсімінен өте алмады
14 тамызда Сиднейдегі ICC Exhibition Centre алаңында қазақстандық боксшылардың қатысуымен бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Kazproboxing ақпараты бойынша, бүгін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Айдос Ербосынұлының қарсыласы австралиялық Джеркич 77,3 келі көрсетті. (76.2 кг рұқсат етілген, яғни 1,1 келі артық салмақ). Қазақстандық боксшының салмағы - 76,16 келі.
Нұрсұлтан Жаңабаев салмағы да рұқсат етілген белгіден асып кетті(салмағы 67 келі, рұқсат етілген - 66.7). Оның қарсыласы Стив Гогоның салмағы - 66,3 келі.
Боксшыларға салмақ түсіру үшін 2 сағат уақыт берілді. Сосын қайта өлшеу процедурасы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Жаңабаев австралиялық Гагомен 3 титул үшін жұдырықтасады: WBA Inter-Continental, WBO Global және IBF Pan Pacific. Ербосынұлы тағы бір австралиялық Рокки Джекимен екінші орта санаттағы WBO Global, WBA InterNational және WBC Asia Continental титулдарын сарапқа салады.