Роман Григорчук: Жақсартуға тиіс тұсымыз жеткілікті

Роман Григорчук: Жақсартуға тиіс тұсымыз жеткілікті

"Астана" Премьер-Лиганың 22-ші туры аясында "Ақтөбеге" қарсы ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- Бүгін өз алдымызға жүктеген міндетті орындап, тартысқа толы кездесуде жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткіздік. Ойын барысына келер болсам, біздің жақсартуға тиіс тұсымыз жеткілікті.

- Еуропа Лигасы аясындағы ойыннан кейін команда шаршап қалғандай көрінді...

- Дәл ондай жағдайда біз ротацияға жүгінеміз. Осыған дейін, "Шахтерға" қарсы кездесуде солай жасаған едік. Алайда, ол ойында ұпай еншілей алмадық. Бүгін аз да болса құрамға өзгерістер енгіздік. Бізді алда өте қиын ойындар күтіп тұрғанын ескеретін болсақ, ешқандай қорқынышсыз ротация жасайтын толыққанды құрамның болғаны дұрыс.

- Серікжан Мужиковтың бүгін де алаңға шықпағанын ескерсек, тағы да онымен арадағы келіспеушілік туралы әңгіме өршіп кетеді деп ойламайсыз ба?

- Біздің арамызда ешқандай келіспеушілік жоқ. Мен Серікжанды ойынға шығарамын деп жоспарлаған едім. Алайда, алаңдағы орын алған жағдайға байланысты ол мүмкін болмады.

- Қазақстандағы ең үздік атмосфера қай қалада екенін айта аласыз ба?

- Нұр-Сұлтанда. Біздің жанкүйерлердің "Астана Аренада" жасайтын атмосферасы маған өте қатты ұнайды. "Ақтөбеде" дәл бүгінгідей толық стадион жиі болады дей алмаймын. Дегенмен, олар өз командаларына өте жақсы қолдау көрсетеді. Сіздерде лайықты жасыл алаң, жақсы стадион, керемет жанкүйерлер және ойыны тартымды команда бар.

- БАТЭ командасының ойынын тамашаладыңыз ба?

- Әрине, қарадам. Бірақ, бізге дәл қазіргі сәтте БАТЭ туралы ойлауға мүлде болмайды. Бізді алда "Валлеттаға" қарсы қарымта ойын күтіп тұр. Біз сол кездесу туралы ойлауға тиіспіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или