Хет-трик авторы матч туралы пікір білдірді
«Атырау» - «Қайсар» матчының қаһарманы Тигран Барсегян матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz қызылордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Естеріңізде болса, біріншіліктің ең алғашқы турында «Атыраудан» жеңіліп қалғанбыз. Сол есені бүгінгі ойында қайтардық. «Атырау» жазғы трансферде жақсы ойыншылармен толықты. Соған сай әр турда жақсы ойнап жүр. Бірақ бүгін қарсыласымызға ешқандай мүмкіндік бермедік. Есепті одан әрі ұлғайтатын сәттер көп болды. Дегенмен бұйырғаны 3 гол екен. Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы хет-тригіме қуаныштымын. Жеңісті күніміз көп болсын!», - деді Тигран Барсегян.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или