Әлемнің экс-чемпионы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Әлемнің экс-чемпионы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

33 жастағы әлемнің экс-чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес Мексикада салмақ өлшеу рәсімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Екі жылғы үзілістен кейін қайта оралған Чавес  34 жасар колумбиялық Эверт Бравомен жекпе-жек өткізеді. Мексикалықтың салмағы 79,5 келі тартса, Браво 1 келі жеңіл болып шықты.

ESPN таратқан ақпаратқа сәйкес, Чавес осы жол жеңіске жететін болса, қараша айында әлемнің  тағы бір бұрынғы чемпионы Дэниел Джейкобспен рингке шығуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или