«Астана-2001» еш жеңіліссіз ел чемпионы атанды

«Астана-2001» еш жеңіліссіз ел чемпионы атанды
Қарағандыда 2001 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің финалдық кезеңі аяқталды.

<span>Біз осыған дейін хабарлағандай, «Астана» Чемпионаттың алтын жүлдесін иеленіп қойған болатын. Бүгін елорда жастары соңғы ойын күнінде павлодарлық «Ертіске» қарсы ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ойында Станислав Басманов дубль авторы атанса, тағы бір голды Әділхан Сабыр өз еншісіне жазды. </span>

<span>Осылайша, «Астана» Біріншілік аясында өткізген 16 кездесуде 16 рет жеңіске жетті. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или