Головкин DAZN-мен соттасқалы жатыр ма?
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Канеломен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыра алмаған DAZN компаниясынан көңілі қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Естеріңізге сала кетейік, боксшылар осы жылдың қыркүйек айында трилогия өткізулері керек еді, алайда екі тарап өзара келісімге келе алмаған болатын.
Қазақстандық боксшының командасы компанияның уәдесін орындай алмағанына, атап айтқанда Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыра алмағанына риза емес.
Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, Головкиннің ұжымы DAZN-ге қарсы әрекет етуге дайындалып жатырған көрінеді.
GGG Канеломен үшінші жекпе-жекті өткізіп беруге уәде бергені үшін DAZN стримингтік сервисімен келісімшартқа отырғанын айта кетейік.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или