«Құпия» ақпарат

«Астананың» бюджеті қанша?

«Астананың» бюджеті қанша?
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының жылдық бюджеті белгілі болды.

- Биыл «Астананың» бюджеті өткен жылға қарағанда аз. Өйткені бізге түсуі қажет қаржы Олимпиада маусымы алдында федерацияларға бөлінді. Біз бұған түсіністікпен қараймыз. Еурокубоктың топтық кезеңіне қатысатын командалардың бюджеті әлдеқайда көп. Мысалы, «Ренн» жылына 81 миллион еуро қаржы жұмсайды еке. Біздің жылдық бюджет 9 миллиард теңгені құрайды. Бұл 26 миллион доллар. Көп қаржы болмаса да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз, - деді «Астана» спорттық Президенттік клубының бас директоры Асқар Баталов елордалық команданың жаңа басшысы Михаил Гурманды таныстыру сәтінде.

Айта кетейік, төрт жыл қатарынан Қазақстан чемпионы болған «Астананың» биылғы көрсеткіші көңіл қуантпайды. Ішкі біріншілікте «Тобылдан» кейін келе жатса, еурододада Чемпиондар лигасының іріктеуінен шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер