Бокс

Қазақстандық боксшы 74 секундта жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы 74 секундта жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ғалым Шағатай Мәскеуде өтіп жатқан бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы отандасымыз бұл кеште жергілікті боксшы Дмитрий Рахмановпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек бар болғаны 74 секундқа жалғасып, Шағатай нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ғалым кәсіпқой бокста бұған дейін екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де нокаутпен аяқтаған. Бүгін ол үшінші қарсыласын да нокаутпен жеңіп отыр.

Ернар Ерназарұлы Мәскеудегі бокс кешінде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер