Бокс

Қанат Ислам қарсыласын бір соққымен нокаутқа жіберді

Қанат Ислам қарсыласын бір соққымен нокаутқа жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайда өтіп жатқан бокс кеші аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0,20КО) доминикандық Хулио де Хесусті (27-1,25КО) бір соққымен нокаутқа жіберді. Жанкүйер қауым асыға күтен кездесу бар болғаны 14 секундта аяқталды.

Негізі Қанаттың қарсыласы тым әлсіз емес еді. 28 жекпе-жек өткізіп, 27 мәрте жеңіске жеткен. Оның 25-ін нокаутпен аяқтаған боксшы. Бірақ қазақстандықтың күтпеген жерден жасаған соққысы бәрін шешіп кетті. Жекпе-жек бастала сала жасалған сұрапыл соққы Қанат Исламның шаршы алаңды қалай сағынғанын көрсетіп берді.

Айта кетерлігі, Қанат Ислам екі жылдық ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға шығып отыр. Осы жеңісінен кейін отандасымыз орта салмақтағы WBO Inter-Continental белдігін жеңіп алды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер