Бокс

Мадияр Әшкеев өз елінде алғаш рет өткен жекпе-жегінде жеңіске жетті

Мадияр Әшкеев өз елінде алғаш рет өткен жекпе-жегінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде жеңіліп көрмеген Мадияр Әшкеев кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алайда, бұл жеңіс Мадиярға оңайлықпен келген жоқ. Көп жанкүйер Әшкеев украиналық Игорь Фаниянды қиындықсыз жеңеді деп күткен. Бірақ күтпеген қарсылыққа тап болған отандасымыз қабағын жарақаттап алып, жарысты жалғастыра алмады.

Төрешілер жетінші раундқа дейінгі ұпай санын есептеп, жеңісті жерлесімізге берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер