«Үлкен мерекеде үлкен жекпе-жек». Головкинге қарсылас ұсынылды

«Үлкен мерекеде үлкен жекпе-жек». Головкинге қарсылас ұсынылды

Boxing247.com порталының сарапшысы Джеймс Слэтердің пікірінше, DAZN платформасына қазақстандық Геннадий Головкиннің тағы бір мексикалық боксшымен кездесуі қызық болмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның мәлімдеуінше, DAZN Головкин мен Хайме Мунгия жекпе-жегін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Қазір бәрін Канело шешеді. DAZN мексикалық мерекеде үлкен жекпе-жек өткізгісі келеді: классикалық мексикалық боксшы Мангуя орта салмақтағы екінші боксшы Головкинге қарсы. Бұл кездесу былтыр мамырда өтуі керек болған. Алайда комиссия тәжірибесі аз деп Хайменің Головкинге қарсы шығуына рұқсат бермеген», - деп жазады Джеймс.

Айта кетейік, Хайме Мангуя бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или