Бокс

Қанат Ислам: Мен оралдым!

Қанат Ислам: Мен оралдым!
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 KO) 5 шілде күні Алматы қаласында өтетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Екі жылдық үзілістен соң Қанат Ислам доминикандық боксшы Хулио де Хесуспен (27-1, 24 KO) жекпе-жек өткізеді. Боксшылар орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуін сарапқа салады.

- Ұзақ үзілістен соң шаршы алаңға оралу қиынға соқты. Өмірде небір қиын сәттер кездеседі. Кез келген адамның басынан қиын да қуанышты сәттер өтеді. Ұзақ дайындалдым. Шаршы алаңға оралуды қатты күттім. Қазақ халқына мықты бокс көрсеткім келеді. Өз алаңында жұдырықтасу әркезде керемет екені белгілі. Қарсыласым оңай шағылар жаңғақ емес, бірақ мен одан қорықпаймын. Рингте бәріміз бірміз. Мен оралдым!, — деп келтіреді Қанат Исламның сөзін WBO ұйымының ресми сайты.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жек 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты 20-2, 13 КО) жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер