Ой қорыту

«КСРО елдеріне қарап қазақтардың өзегін өкініш кернейді»

«КСРО елдеріне қарап қазақтардың өзегін өкініш кернейді»
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «День за днем» басылымы қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметтің «Уфадан» «Қайратқа» ауысқаны жайлы сынап, мақала жазды.

Мақалада «КСРО-ның бұрынғы елдеріне қарап қазақтардың өзегін өкініш кернейтін болар» деп жазды. Мысалға мынаны келтірген:

Корнеев «Барселонада» ойнаған, Аршавин – «Арсеналда», Павлюченко – «Тоттенхэмде».
Мхитарян – «Арсеналда».

Зинченко – «Манчестер Ситиде», Коноплянка – «Шалькеде», Ярмоленко – «Вест Хэмде».

Каладзе – «Миланмен» Чемпиондар лигасын екі мәрте жеңіп алған, Кинкладзе «Манчестер Ситиде» доп тепкен, Арвеладзе – АЗ-да.

Глеб «Манчестер Юнайтед» пен «Барселонаның» жейдесінде ойнады.

Пахарь – «Саутгемптонда», Горкш – КПР-да.

Станкявичюс – «Лацио» мен «Валенсияда», Янкаускас – «Реал Сосьедадта».

Клаван – «Ливерпульде», Поом «Дербиде» ойнаған.

Қазақстанда үздік чемпионаттар мен үздік клубтарда ойнаған және қазіргі таңда ойнайтын тәжірибелі ойыншы жоқ. Олар өздерінен тағы бір Мессидің шыққанын қалады және оны қолдан жасап алды.

Сейдахмет бар болғаны 19-да. Мүмкін, қайтадан сәттілік жолдас болып, жақсы командаға түсер, - деп жазды орыс басылымы.

Расында әлі күнге Қазақстаннан бірде-бір футболшы Еуропаның үздік чемпионатында доп теппеген. Ал жоғарыда келтірілген мысалда ТМД елдерінен шыққан мықты футболшылардың есімдері көрсетілген. Тізімде біздің футболшы жоқ...

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер