Бокс

Жәнібек Әлімханұлы Арыс тұрғындарына көмек көрсетті

Жәнібек Әлімханұлы Арыс тұрғындарына көмек көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жарылыс кезінде зардап шеккен және басқа жерге көшірілген Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Арыстағы жағдайды естіп, көріп жатырмыз. Бізде таң енді атты. Бейбіт күнде қаншама адам қайғырып, үйсіз қалды. Тас түскен жеріне ауыр. Алла сабыр берсін дейміз. Елдегілер арыстықтарға барынша қол ұшын созып, жәрдем беріп жатқанынан да хабардармыз. Біз жеңіске жеткенде қуанатын халық қайғырғанда тыныш жату бізге сын. Бір жыртыққа жамау болайық деп табысымыздың бір бөлігін Арыстағы ағайынға аудардық. Ел аман болсын. Жоғалған балалар ата-анасымен қауышып, қайғы арты жақсылық болғай!», - деп жазды Әлімханұлы.


Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер