Бокс

Абель Санчес: Головкин - Роллс жекпе-жегі мені қызықтырған жоқ

Абель Санчес: Головкин - Роллс жекпе-жегі мені қызықтырған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес Головкин-Роллс жекпе-жегі жайлы сөз қозғады.

- Шын айтсам, Головкиннің Роллсқа қарсы айқасын көрмедім. Джошуа-Руис кездесуі секілді қызықты болды деп те ойламаймын. Жаныма рахат сыйлайтын жекпе-жектерді ғана тамашалаймын. Немесе өз шәкірттерімнің болашақ қарсыластары қатысып жатса көремін. Мен жекпе-жек алдында Головкиннің статистикасына бір көз жүгіртіп өттім. Оның еншісінде 23 нокаут, 20 мәрте чемпиондық атағын қорғап қалды. Нокауттарының пайыздық көрсеткіші өте жоғары. Алты апта дайындық өткізді, басқаша өнер көрсетуге болар ма еді? Ол Геннадий Головкин ғой, Роллсқа қарсы жекпе-жекте де Геннадий Головкин болып қалды деп ойлаймын - деді Абель.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 9 маусым күні жеңілістің ащы дәмін татпаған канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер