Бокс

Мадияр Әшкеев өз елінде алғаш рет жекпе-жек өткізеді

Мадияр Әшкеев өз елінде алғаш рет жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

5 шілде Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6КО) өз Отанындағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық бокс қауымдастығының (NBA) мәліметіне сүйенсек, Әшкеев Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде шаршы алаға шығады. Әрі бірінші орта салмақта NBA World белдігін сарапқа салады. Әшкеевтің қарсыласы қазірше белгісіз.

Еске салайық, 23 мамырда өткен жекпе-жекте Мадияр 34 жастағы америкалық боксшы Сесил Маккаланы (21-4, 8 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, NABF Junior белбеуіне ие болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер