«Ертістен» кеткен жартылай қорғаушы «Алтайға» ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Жақында ғана «Ертістен» кеткен жартылай қорғаушы Ойбек Балтабаев «Алтай» командасына қосылды, деп хабарлады Prosports.kz.

25 жастағы ойыншы маусымды павлодарлық клубта бастағанымен, негізгі құрамнан орын таба алмады. Бар болғаны үш ойынға ғана қатысты. Ол енді Бірінші лигада бақ сынайтын өскемендік клуб сапында доп тебебі.

Балтабаев бұған дейін де «Алтай» сапында доп тепкен. Одан бөлек, алматылық «Қайратта» және жетісайлық «Мақтааралдың» да намысын қорғаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер