Әлем футболы

Кейлор Навас ПСЖ-мен келіссөздер жүргізіп жатыр

Кейлор Навас ПСЖ-мен келіссөздер жүргізіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Жазғы трансферлік терезеде Кейлор Навас «Реал» сапынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Атақты футболдық агент Жорже Мендеш Кейлор Навасқа жаңа клуб іздестіруде. Playingfor90 порталының мәлімдеуінше, қақпашы ПСЖ сапына ауысуы мүмкін.

Франциялық клуб Навасқа жылдық жалақысы 7 млн еуро құрайтын 3 жылдық келісімшарт ұсынып отыр екен.

Костарикалық голкипер «корольдік клубта» 2014 жылдан бері ойнап, үш мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер