Бокс

«Мықтылардың көлеңкесі». Стив Роллс деген кім?

«Мықтылардың көлеңкесі». Стив Роллс деген кім?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) келесі жекпе-жегін канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10КО) қарсы өткізеді. Prosports.kz сайты сіздерді GGG-дің қарсыласымен таныстырады.

Стив Роллс Канаданың Чатем деген елді мекенінде өмірге келген. Қазір ол Торонто қаласында тұрады. Жекпе-жегіне дайындықты Томии Ховаттың қол астында жасайды. Роллс өз елінде әуесқой бокстан бірнеше мәрте чемпион атанған, ал кәсіпқойға ауысқалы бері бірде-бір рет жеңілістің дәмін татпаған. Ал жақында орта салмақтағы екінші чемпиондық белбеуін - USBA-ді жеңіп алды. Бұған дейін аймақтық NABF Junior белбеуінің иегері болған еді.

Бір қызығы Роллс бұған дейін 12 раундтан тұратын жекпе-жек өткізіп көрмеген. Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте бірінші рет 12 раундқа шыдап көрмек. Неге қызық дейсіз ғой? Өйткені Стив жуырда 35-ке толды. GGG бұл жасында орта салмақта қарсылас шақ келтірмей, әлемнің үздік боксшыларының қатарында болатын. Ал енді салыстырып көріңіз...

Стив Роллс үшін Геннадий Головкин алғашқы мықты қарсыласы болмақ. Бір сөзбен айтқанда канадалық боксшы өмір бойы осы жекпе-жекке дайындалып келген. Стив мұндай дәрежедегі қарсыласпен қолғап түйістірмеген.

Жекпе-жекте чемпиондық белбеудің сарапқа салынбайтыны ештеңеге әсер етпейді. Маңыздысы - бедел. Оған қоса Роллс бұл кеште жақсы пайда түсіретіні анық. Канадалық боксшы өмірінде алғаш рет алты санды сыйақы алмақ.

Жарты жыл бұрын Стив Роллс үшін Головкинге қарсы жекпе-жек арман еді. Оның промоутері Лу Дибелланың арқасында бұл арманы жүзеге асты.

Стив Роллс кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, бірде-біреуінде қарсыласына есе жібермеген. Ал он кездесуінде қарсыласын сұлатып түсірген. Бірақ Boxrec рейтингінде әлі күнге үздік 50 боксшының қатарына енбеген. Мұндай рейтингімен титулдық жекпе-жек өткізу мүмкін емес. Тіпті, канадалық боксшылар арасында орта салмақта үздік үштікке кірмейді.

Роллстың рейтингінің төмендігі - оның кәсіпқойға кеш ауысқандығынан болар. Ол тек 27 жасында мансабында өзгеріс жасауға бел буған. 19 қарсыласының ішінде іліп алар біреуі жоқ. Үздік 30 боксшының қатарына кіретіндердің бірде-біреуімен қолғап түйістірмеген.

Бұған қарамастан оның бапкері Томми Ховат Стив Роллстың бокс әлемін таңғалдыруға қауқарлы екенін айтып қоймайды. Оның пікірінше, Стив Роллстың соққысы жойқын, ал оның басты қаруы - сол қолымен орағытуы.

Кәсіпқой бокста жүргеніне біршама уақыт өткенімен, Стив Роллс жанкүйерлерге танымал спортшылардың спарринг-қарсылас болғанымен ғана есте қалған. Кезінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен дайындалған деген ақпарат бар.

«Біз осы күнге дейін шеберлігімізді шыңдап келдік. Жылдың 365 күнінде. Спарринг – бұл спарринг. Бірақ мен үздіктермен жұдырықтасуға дайын екенімді сеземін. Өзімді көрсету үшін тек уақыт қажет», – дегені еді Роллс Головкинге қарсы жекпе-жегі белгілі болмай тұрып.

Стив өзінің басты әлсіздігі деп аудиториясының аздығын айтқан. Лемьенің өзі бұл көрсеткіш бойынша бір бас жоғары. Лу Дибелланың сөзінше, Роллс тек мықтыларды ғана жеңген кезде аты шығады. Бұған дейін оның мұндай мүмкіндігі болмаған. Енді ол Головкин арқылы өзін бүкіл бокс әлеміне таныта алады.

Стив Роллстың мансабынан бір қызық жайт. Бокс әлемінде өзінің атын танымал ету үшін боксшы ардагер музыкант Чис «Дон Элла» Андроустостың көмегіне жүгінген.

Лу Дибелла сөзіне сенсек, Стив Роллс бастапқы кезде Геннадий Головкинге емес, Джермалл Чарлоға қарсы жұдырықтасуы қажет болған. Дибелла дәл осы жекпе-жекті өткізгісі келген. Нәтижесінде деңгейі бір бас жоғары қарсылас - Головкинге тап болған.

«Менің арманым – әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізу. Кімде бұл титул бар, қанекей, қолғап түйістірейк. Беделді боксшылармен бірге көп ақша келеді», – деген еді жарты жыл бұрын Стив Роллс.

Енді, міне, Стив Роллс арманына бір қадам жақындады. Ол мұндай мүмкіндік тағы қайтып оралмасын жақсы түсінеді:

«Шынымды айтайын, бұл жекпе-жек маған мүмкін еместей көрінетін. Бір ай бұрын ғана беделді боксшылармен қалай жекпе-жек өткізсем болады деп ойланған едім. Бұдан былай маған ұсынылған қарсыластармен жұдырықтасқым келмеді. Головкинді соққының астына алғанда өмірімді өзгертетін ақша пен атақ-даңқты аламын. Бірақ жеңіске жету - лотереяны ұтып алумен тең».

Ал Геннадий Головкин болса даңқты Madison Square Garden кешеніне қайтып оралар күнді асыға күтіп жүр:

«Осымен алтыншы мәрте MSG кешенінде жұдырықтасамын. Бұл аренада жекпе-жек өткізгендегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Джонатан Бэнкспен жаттыққан соң өзімді басқаша, әлдеқайда жақсы сезінемін. Жанкүйерлеріме жаңа стиль, жаңа шоу көрсетіп, сыйлық жасаймын. Әдеттегідей Big Drama Show жалғасын табады».

Егер шындықтың көзіну тура қарайтын болсақ, Стив Роллстың жеңіске жетуге деген мүмкіндігі жоқ. Головкин барлық жағынан қарсыласына қарағанда әлдеқайда мықты. Оның үстіне канадалық боксшы бұған дейін 12 раундтық жекпе-жек өткізіп көрмеген. Бірақ Стив Роллстың жеңілмегені - факт. Бұл канадалық үшін мансабындағы алғашқы үлкен мүмкіндік. Әуесқойда жүрген кезінде Олимпиада ойындарында өзін көрсете алмаса, бұл жекпе-жекте аз дегенде бокс әлеміне өзінің атын танытып кетеді.

Big Drama Show елорда уақытымен 9 маусым күні Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden кешенінде өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
гена еки урып кулатады го
Жауап беру