Ауыр атлетика

Жастар арасындағы жаһан біріншілігінде жерлесіміз күміс алды

news-banner7
mobile-news-top

Фиджи астанасы Сува қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Артем Антропов екінші орын алды.

96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Артем қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (155+197) кг зілтемірді бағындырды. Ол турнир жеңіпмазы мысырлық Ахмед Сайед Ашур Алиден 13 кг 365 (165+200) қалып қойды.

Осыған дейін, әлем чемпионатында Евгений Ломанов төртінші орынға қол жеткізсе, Нұрғиса Әділетұлы бесінші сатыны қанағат тұтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер