Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында төртінші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Фиджи астанасы Сува қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Евгений Ломанов төртінші орын алды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Евгений қоссайыс қорытындысы бойынша 337 келі (152+185) зілтемірді бағындырды. Сөйтіп, төртінші орын алды.

Алтын медалді Латвия спортшысы Ритварс Сухаревс жеңіп алды. Ал жүлделі екінші, үшінші орындарды колумбиялық Хуан Фелиппе Солис пен ирандық Хосейн Сұлтан иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер