Бокс

Қанат Ислам 5 шілдеде шаршы алаңға оралады

Қанат Ислам 5 шілдеде шаршы алаңға оралады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой боксқа оралатын уақытын білді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

34 жастағы боксшы 5 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

Ислам шаршы алаңға 2017 жылдың қыркүйек айынан бері шықпады.

«Қадірлі спорт сүйер жанкүйерлер! Сіздермен сүйіншілі жаңалығымды бөліскелі отырмыз! 5-ші шілде күні Алматыда Кәсіби бокстың нағыз мерекесі өтеді. Балуаншолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында қазақстандықтар боксшылардың дүниежүзі елдерінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізетін кәсіби бокс кеші өтеді. Кештің бас жекпе-жегін араға біраз уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралған әйгілі Қанат Ислам өткізеді!», - делінген Qazaq Promotions инстаграм-парақшасында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер