Бокс

Жанқош Тұраров: Барлығы Головкиннің өз еркінде

Жанқош Тұраров: Барлығы Головкиннің өз еркінде
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров соңғы кездері елді елең еткізген Геннадий Головкин мен Данияр Елеусінов төңірегіндегі жағдайға өз пікірін білдірді.

- Геннандий Головкиннің шешімі - тек өзінің шешімі. Кімді андеркардқа қояды, кімді қоймайды, өз еркіне деп ойлаймын. Бәрі өзіне байланысты. Бұл оқиға жайлы басқа айтарым жоқ - деді Орталық коммуникациялар қызметіне берген сұқбат барысында.

Еске сала кетейік, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Геннадий Головкин - Стив Роллс андеркардынан алып тасталған еді.

Жанқош Тұраров кәсіпқой рингке 1 маусым күні оралатыны бүгін белгілі болды. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланып отырған бокс кешіне де қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер