Арман Оспанов қарсыласын тізесімен сұлатып түсірді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов Мәскеу төрінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
ЦСКА кешенінде өткен АСА 95 турнирінде Арман Оспанов неміс спортшысы Лом-Әли Эскиевпен жұдырықтасқан. Алғашқы раундта неміс спортшысы Арманға қарағанда ширақ қимылдаған. Алайда жекпе-жектің екінші раундында Арман Оспанов қарсыласы тізесімен сұлатып түсірді.
Осылайша, «Сұңқар» қатарынан екінші жеңілісінен соң жеңімпаз атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или